Украина сарбаздары 5 мамырда Лондонда өткен әскери шеруге қатысты

Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропадағы жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқан украиналық сарбаздар. Лондон, 5 мамыр, 2025 жыл.

Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толуына орай дүйсенбі, 5 мамыр күні Лондонда өткен әскери парадқа Украина қарулы күштерінің сарбаздары қатысты. Бұл мереке ресми түрде 8 мамырда аталып өтеді, алайда атаулы күнге байланысты салтанатты іс-шаралар биыл ертерек басталды.

Украина әскери қызметкерлері Ұлыбритания қарулы күштерінің, Британ достастығына мүше мемлекеттер мен НАТО елдерінің сарбаздарымен бірге сап түзеп өтті. Олар король отырған арнайы мінбенің тұсынан өткен кезде Ұлыбритания патшасы III Чарльз әскери дәстүрмен сәлем беріп, құрмет көрсетті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания патшасы Владимир Зеленскийді қабылдады

Лондондағы парадқа шамамен 1300 адам қатысты, олардың қатарында 11 украин сарбазы болды. Әуеде ұшқыштар тобы өнер көрсетті, ал Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан "Белфаст" кемесі мерекелік салют атты.

Парадтан кейін Букингем сарайында патша отбасы мерекелік шай ішу рәсіміне қатысты деп хабарлады ВВС. Шараға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 50-ге жуық ардагер, олардың отбасы мүшелері мен соғыс кезеңінде өмір сүрген ұрпақ өкілдері қатысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания Украинаға Ресей активтерінен түскен кірістен несие бөлді