Тамыздың 2-і күні Алматыда дуатлоннан жарыс өтті. Қазақстан әуесқой триатлон федерация ұйымдастырған жарысқа қатысушылар оның үш кезеңінде – 4 шақырымға жүгіру, 20 километрге велосипедпен жарыс және тағы 4 шақырымға жүгіруден өзара бәсекеге түсті. Алғаш рет өткізілген дуатлон жарысына 400-ден аса адам қатысты.
Алматыдағы дуатлон жарысы

1
Жарыстың бірінші кезеңінде қатысушылар Алматыдағы тұңғыш президент саябағында 4 шақырым қашықтыққа жүгіруден сынға түсті.

2
Дуатлон жарысына қатысушылар.

3
Мәреге дейін сәл ғана қалды...

4
Дуатлонның екінші кезеңінде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойымен 20 шақырымға велосипедпен жарыс өтті.

5
Велосипедпен жарысып бара жатқан дуатлонға қатысушылар.

6
Алматыдағы дуатлонға әлемді велосипедпен аралап шыққан қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев та қатысты.

7
Әл-Фараби даңғылы бойында Almaty Duathlon 2015 жарысын қызықтап тұрған алматылық байкер.

8
Әл-Фараби даңғылы бойында жарысқа түскен велошабандоздар.

9
Жарыстың үшінші кезеңінде оған қатысушылар тағы да 4 километрге жүгіруден сынға түсті.

10
Мәреге де жеттік-ау!

11
Almaty Duathlon 2015 жарысына қатысушы Катсуя Ишизаки Жапония туын көтеріп ұстап келеді. 2 тамыз 2015 жыл.

12
Ортада арбада отырған - шаңғымен тұғырдан секіруден 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық спортшы Евгений Левкин. 2 тамыз 2015 жыл.

13
Дуатлон жарысына қатысушылар.

14
Дуатлонға қатысушылар мен жанкүйерлер естелік суретке түсті.